"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қаражар ауылының мектеп-лицейі" КММ
КГУ "Школа-лицей села Каражар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы тұлғалардың дара жолымен» атты апталығы

31.10.2025

 06.10–16.10.2025 жылдар аралығында Қаражар мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғалардың дара жолымен» атты апталық өтті.

Апталық барысында әр сынып деңгейінде түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, білімдерін және тапқырлықтарын көрсетті.

Апталық барысында «Неліктен Египет?», «Жеті қазынаның сыры», «Көне түркілер ұрпағымыз», «Абай дана, Абай дара қазақта» сияқты ашық сабақтар өтті.
Сонымен қатар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы, «Қызық екен» ойыны, «Бұзұқты қаласы туралы не білеміз?» атты интеллектуалды ойын оқушылардың қызығушылығын арттырды.

«Ойнайық та ойлайық!», «Кім тапқыр?», «Kino time», «Кім жылдам?» сияқты көңілді үзілістер оқушылардың белсенділігін арттырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты.
Апталықтың жабылу салтанатында белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Апталық өз мақсатына жетіп, Қаражар мектеп-лицейі ұжымының рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие бағытындағы жұмысына тың серпін берді.

    

 

http://C:\Users\school1\Downloads\апталық қорытынды (2).pptx

 

 

Просмотров: 88


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст