27.11.2025
Бастауыш сынып оқушылары үшін пайдалы әрі қызықты кездесу өтті! 🚦
Бүгін мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына арналған жол қауіпсіздігі сабағы ұйымдастырылды. Кездесу барысында үлкен сыныптың белсенді оқушылары кішкентайларға жолда қалай дұрыс қозғалу керектігін, жаяу жүргіншілерге арналған маңызды ережелерді, бағдаршам түстерінің мағынасын және әртүрлі жол белгілерінің қандай жағдайда қолданылатынын түсіндірді.
Балалар арнайы дайындалған көрнекіліктер арқылы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін меңгеріп, сұрақ қойып, интерактивті тапсырмаларға белсене қатысты. Мұндай шаралар оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз!
Мектебімізде осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.