11.11.2025
Бастауыш сыныптар апталығы
10–21 қараша 2025 жыл
Қаражар ауылының мектеп-лицейінде 10–21 қараша аралығында «Оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында бастауыш сыныптар апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – білім сапасын арттыруда жеке тұлғаға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және білімге деген қызығушылығын арттыру.
Апталық барысында әр пән бойынша ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды.
Қазақ тілі, жаратылыстану, математика, әдебиеттік оқу және әліппе пәндерінен өткен ашық сабақтарда оқушылардың ойлау қабілеттерін, тілдік дағдыларын, шығармашылық белсенділіктерін арттыруға бағытталған әдістер қолданылды.
