07.11.2025
2025 жылдың қараша–желтоқсан айлары аралығында (24 қараша – 5 желтоқсан) «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өткізіледі.
Зерттеу мақсатты іріктеу әдісімен таңдалған Целиноград ауданының келесі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады:
• Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
• Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейі
• Қараөткел ауылының мектеп-лицейі
• Қаражар ауылының мектеп-лицейі
• Қоянды ауылының мектеп-лицейі
Негізгі іріктемеге қосымша алмастырушы мектептер ретінде:
• Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
• Талапкер ауылының мектеп-гимназиясы белгіленген.
7 қарашаға дейін Ұлттық білім беру деректер қорында (УБДҚ / НОБД) іріктелген және алмастырушы білім беру ұйымдарында оқитын 15 жас 3 ай мен 16 жас 2 ай аралығындағы білім алушылардың деректерін жаңарту қажет.
10 қарашаға дейін зерттеу өтетін ұйымдардағы компьютерлер мен интернет байланысына қатысты техникалық деректерді 4-қосымшаға сәйкес толтырып жіберу керек.
Зерттеу компьютерлік форматта жүргізілетіндіктен, компьютерлердің 5-қосымшада көрсетілген техникалық сипаттамаларға сай дайындалуы тиіс.
14 қараша күні «Мектептерге арналған PISA – 2025» зерттеуін өткізу бойынша республикалық вебинарлар өтеді.