"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қаражар ауылының мектеп-лицейі" КММ
КГУ "Школа-лицей села Каражар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аймақтық семинар Тақырыбы: «Жасанды интеллект – мұғалімге көмек: сабақты жеңілдетудің жаңа мүмкіндіктері»

27.11.2025

Аймақтық семинар


Тақырыбы: «Жасанды интеллект – мұғалімге көмек: сабақты жеңілдетудің жаңа мүмкіндіктері»

Аудан көлемінде білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, мұғалімдердің жұмысын жеңілдету және сабақтарды заманауи форматта ұйымдастыру мақсатында аймақтық семинар өткізілді.

Іс-шара қатысушыларды тіркеу және кофе-брейктен басталды. Семинардың ашылуында Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С. мен мектеп директоры Жақупов Е.Ж. қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Абдраман А.А. семинар бағдарламасымен таныстырды. Мәжіліс залында психолог-педагог Сугурбаева Г.Е. қатысушылармен психологиялық ахуал қалыптастыру тренингін жүргізді.

Семинар аясында әр пән мұғалімдері жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып бірнеше ашық сабақтар көрсетті:

  • Дюсенова Г.А – 8 «Ә» сыныбында «Эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі» тақырыбында зертханалық тәжірибелерге негізделген ашық сабақ;
  • Раиымбаева А.К – 3 «Б» сыныбында «Фигуралар салу» тақырыбындағы сабақ;
  • Физика пәні мұғалімі – 7 «А» сыныбында «Күш» тақырыбында сабақ;
  • Студент А – 8 «А» сыныбында «Қан топтары және қан құю. Резус-фактор» тақырыбында сабақ;
  • Күлмерхан Б. – бастауыш сыныпта «Ауаның қасиеттері» тақырыбында сабақ;
  • Мұххамет А.Д. Математика пәні мұғалімі – 6 «Ә» сыныбында «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану» тақырыбындағы сабақ.

Робототехника бағыты бойынша Хазез А. мен Кенжетаев Н. LEGO Spike Prime, антропоморфтық роботтар, квадрокоптер, VR көзілдіріктер және 3D-принтер мүмкіндіктерін таныстырып, инженерлік ойлау мен бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған шеберлік сағатын өткізді.

Сонымен қатар, Хызырхан Р. «Жасөспірімдерге әлеуметтік желінің оң әсері» тақырыбында тренинг жүргізді.

Семинар соңында аудан білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С. Ашық сабақ өткізген мұғалімдерге сертификаттар табыстады. Пән мұғалімдері сабақ барысында қолданған жасанды интеллект платформалары туралы тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар өз тараптарынан кері байланыс берді.

 Аймақтық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті аяқталды.  

Просмотров: 61

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст