31.10.2025

Республика күні – бірлік пен рух мерекесі!
Қаражар ауылының мектеп-лицейінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шара барысында оқушылар ел тарихын ұлықтап, отансүйгіштік рухтағы өлеңдер оқып, жүректерге жігер берер патриоттық әндер шырқады.
Сахна төрінде ұлттық би биленіп, күмбірлеген күй тартылып, көрерменнің көңілін ерекше әсерге бөледі.
Іс-шарада ұстаздар мен оқушылар ел тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызын айтып, Қазақстанның дамуына әр азаматтың қосар үлесі зор екендігін атап өтті.
Мерекелік кеште жас буынға елжандылық, еңбекқорлық, бірлік пен татулық сияқты асыл қасиеттерді дәріптеу басты мақсат болды.
Бұл күн – ел бірлігін, тәуелсіздіктің қадірін сезіндіріп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіш рух пен мақтаныш сезімін ұялатқан тағылымды мереке болды.
Мереке соңында қатысушылар өзара жақсы көңіл күймен бөлісіп, туған елге деген сүйіспеншіліктерін тағы бір мәрте паш етті.